«Гуманитарлық пәндер» бөлімшесінің ұйымдастыруымен 18 қараша күні студенттердің жатақханадағы жағдайымен танысу мақсатында кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – жатақханадағы тұрмыс-тіршілікпен танысып, студенттердің ұсыныстарын тыңдау және оларды шешудің жолдарын қарастыру. Өйткені, студенттердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету – оқу орны үшін аса маңызды бағыттардың бірі.
Құрметті студент!
Студенттік шақ – өмірдің ең қызу, ең ұмытылмас кезеңі. Оның ерекше сәттерінің көпшілігі дәл осы жатақханада өтеді десек, артық айтқандық емес. Себебі мұнда сен өмірлік ұстаным қалыптастырасың, шынайы дос табасың, сырласар бауырыңды кездестіруің, тіпті болашақ жарынды жолықтыруың да мүмкін.
Жатақханада еркіндік бар, бірақ жауапкершілік те жоғары. Тәртіп сақтамадың ба – салдары болуы мүмкін. Ең бастысы – уақытыңды бағала. Жатақханада өткен әр күн – оқуға, ізденуге берілген үлкен мүмкіндік.
Бос уақытыңды тек бөлмеде өткізіп қоймай, кітапханаға баруды дағдыға айналдыр. Өйткені студенттік өмірден кейін дәл осындай мүмкіндік сирек болады.
Студенттік кезең – өміріңнің ең жарқын беттері. Сол себепті, алда сізді күтіп тұрған осы тамаша уақытты бағалай біліңіз, жас түлек!

#

Comments are closed