23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай колледж кітапханасында «Кітап – тарих, шежіре» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ұлттық кітап күні – Қазақстанда ресми түрде атап өтілетін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылы бекітіліп, қоғамда кітап оқу мәдениетін арттыру, жастарды білімге баулу және кітапханашылардың еңбегін дәріптеу мақсатында аталып өтуде.
Аталған күн ел көлемінде түрлі рухани іс-шаралармен, кітап көрмелері мен жәрмеңкелермен ерекшеленеді. Сонымен қатар, 23 сәуір – ЮНЕСКО бекіткен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен тұспа-тұс келіп, елімізде «Кітапханашылар күні» ретінде де атап өтіледі.
📌 Шараның мақсаты – оқырман ұлт қалыптастыру, кітапқұмарлықты насихаттау және жастардың рухани-мәдени деңгейін көтеру.
Кітап – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан асыл мұра. Оқуға деген сүйіспеншілік – жарқын болашақтың кепілі!

Comments are closed