«Филологиялық» пәндік бірлестігінің айлық іс-шарасы аясында «Ақынын ардақтаған ел озады» атты әдеби кездесу кеші жоғары деңгейде, ерекше әсермен өтті.
Кештің қадірлі қонақтары – ақын, “Абай” сыйлығының иегері Айдар Сейдазым және сырлы жырларымен танымал ақын Сайлаухан Жоланов болды.
Әдеби кеш – сөз құдіреті мен өнердің үйлесім тапқан, жүректерге жылу сыйлаған рухани алаңға айналды. Кездесу барысында студенттер ақындардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, жүрек түкпірінен шыққан арнауларын жолдады. Әрбір оқылған жыр көрермен көңіліне терең ой салып, жан дүниені тербеген сырлы әуенге айналды.
Қонақ ақындар өз кезегінде өмір мен өнер жайлы тағылымды ойларын ортаға салып, шынайы сезімге толы жырларын оқыды. Олардың әрбір сөзі – жастарға бағыт-бағдар берер өнеге, әр шумағы – рухани тәрбие мектебі іспетті әсер қалдырды.
Бұл кеш – поэзияға деген құрметтің, ұлттық рухтың, әдебиетке деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі болды. Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың бойында көркем сөзге деген іңкәрлікті оятып, рухани әлемін байытып, ой-өрісін кеңейте түсетіні сөзсіз.

#

Comments are closed