«Заң мен тәртіп» идеологиясын нығайту мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ – ұлт болашағы» атты Республикалық жас ақындардың жыр мүшайрасы өтті. Байқаудың мақсаты – білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық құндылықтарын насихаттау, шығармашылық белсенділікті арттыру.
Аталған іс-шараға Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және оқу ордамыздың студенттері қатысып қайтты.

#

Comments are closed