Сәуір айының 21-і күні ДТС-0923-1 тобына оқытушы Ж.Нышанбекова “Адамзаттың ғаламдық мәселелеріне сипаттама” тақырыбында ашық сабақ өтті. Бұл теориялық сабақтың басты мақсаты – оқушыларға қазіргі заманның өткір мәселелерін таныстырып, олардың туындау себептері мен шешу жолдары жайлы терең түсінік беру болды.
Бұл сабақ оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, оларды белсенді ойлануға, пікір білдіруге, жауапкершілікке жетеледі. Ғаламдық мәселелер — баршамызға ортақ. Ал оны шешудегі ең маңызды қадам — білім мен әрекет!

#

Comments are closed