“Әлеуметтік және педагогикалық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігі, “Құқықтану” мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Ж.Якупова ЗҚТ-0920-1 тобының студенттеріне “Адвокаттық кеңес” тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өтті.

Іс-шараға Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, “Құқықтану” кафедрасының аға оқытушысы, адвокаттар алқасының мүшесі Көшербаева Гүлшат Нұрлыбекқызы қатысты.

Білім алушыларға адвокаттық қызмет туралы, заң консультанттарының кеңесі, оқу-танысу практикасының мазмұны, заң кеңесіне қатысушылар, клиент және оларға құқықтық ақпарат беру мағлұматтарымен кеңінен таныстырылып, құқықтық кеңестер берілді.

Кездесуге келген мамандарға білім алушылар тарапынан сауалдар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Кездесу соңында өз салалары бойынша жұмыс жүргізіп жатқан әріптестеріне алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

#

Comments are closed