Қазан айының 17-сі күні Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «AGROFEST TURKISTAN – 2024» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шарада асыл тұқымды мал мен ауыл шаруашылығы техникасы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі мен ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді. Шара барысында студенттеріміз жеке шаруашылықтан келген төрт түлік малының жаңа тұқымдарымен танысып, қызығушылықтарын білдірді.

#

Comments are closed