Бүгін оқу ордамыздың «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының студенттері Түркітілдес халықтардың кітапханасында өткен Сидней Олимпиадасының чемпионы, даңқты боксшы Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған «Ағып түсті-ау бір жұлдыз» атты тағылымды іс-шараға қатысты.
🔹 Іс-шараның мақсаты – жастар бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, туған өлкемізден шыққан дара тұлғалардың өмір жолын үлгі ету, олардың тарихы мен болмысын ұмыттырмау, ұрпақ санасына сіңіру.
🏅 Бекзат Саттархановтың қысқа ғана ғұмыры мен спорттағы жарқын жеңістері – бүгінгі жастар үшін нағыз ерлік пен қажыр-қайраттың символы. Іс-шара барысында студенттер рухты сөздерге қанығып, тұлға болмысынан тағылым алды.
🗣 Шара соңында ардақты Сырлыкүл апамыз бастамамызға қолдау білдіріп, жастарға ақыл-кеңесін айтып, батасын берді. Бұл сәт жастардың жүрегіне ерекше әсер қалдырды.
📌 Мұндай кездесулер – өскелең ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды бөлігі болып табылады.

#

Comments are closed