«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект және гуманитарлық ғылымдар» атты айлық іс-шарасының жабылуы қарсаңында 2026 жылдың 26 ақпан күні колледжде студенттерге арналған ауызашар кеші ұйымдастырылды.
Ізгілік пен рухани құндылықтарды дәріптеген бұл шара студенттер арасында бірлік пен сыйластықты нығайтуға бағытталды. Ауызашар барысында жылы лебіздер айтылып, ортақ дастархан басында еркін пікір алмасуға мүмкіндік туды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жастардың рухани дамуына, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға және қоғамдық ортада өзара түсіністікті арттыруға ықпал етеді.

Comments are closed