Сәуір айының 15-і күні «Филологиялық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» атты айлық іс-шарасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Т.Мырзабек «Әлеуметтік желіні тиімді пайдалана білейік» тақырыбында ВЕТ-0921, ВЕТ-1122 топтарына ашық тәрбие сағатын өтті.

Мақсаты: Әлеуметтік желінің зиянды жақтарын ажырата білуге үйрету және оны тиімді пайдаланудың жолдарын көрсету. Сандық сауаттылығын арттыру. Білімгерлерді әлеуметтік желілерді сапалы қолдануға үйрету.

#

Comments are closed