Колледжде 2025–2026 оқу жылының I семестрінің аяқталуына орай аралық аттестаттау кезеңі басталды.
Аттестаттау барысында 2–4 курс білім алушылары өздерінің кәсіби және теориялық дайындық деңгейін әртүрлі бағалау форматтары арқылы көрсетуде. Атап айтқанда, 35 демонстрациялық емтихан, 8 тест түріндегі емтихан және 16 ауызша-жазбаша форматтағы емтихандар ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр.
Аралық аттестаттау студенттердің білім сапасын жан-жақты бағалауға, олардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін нақты айқындауға бағытталған маңызды кезең болып табылады.
Ал 1 курс білім алушыларының оқу жетістіктері оқу нәтижелерінің орташа балы негізінде қорытындыланады, яғни олардың семестрлік үлгерімі жинақталған көрсеткіштер арқылы бағаланады.
Аталған емтихан кезеңі білім алушылардың жауапкершілігін арттырып, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға зор ықпал етеді. Барша студенттерге аралық аттестаттауды сәтті тапсырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне тілектеспіз!

#

Comments are closed