Маусым айының 4-і күні колледждің жатақхана студенттеріне арнап ашық аспан астында кино көрсетілім ұйымдастырылды. Кеш барысында колледждің әлеуметтік психологы Тұрсынхан Береке қызықты викториналық сұрақтар мен ойындар ұйымдастырып, би жарысы болып, студенттер көңілін көтерді.

Шара барысында жатақхана ережелерін ұстанған студенттерге, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаевтан алғыс хаттар берілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты: жатақхана тұрғындарына жақсы көңіл – күй сыйлау, жастардың өзара қарым – қатынас жасауына жағдай жасау, достық байланыс орнату.

Кино кешіне келген студенттер ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

#

Comments are closed