Колледжімізде оқу үдерісінің бір бөлігі болып саналатын, 1 курс студенттеріне арналған бір апталық әскери оқу-дала жиыны сәтті аяқталды. Бұл шараның басты мақсаты – студенттер арасында қорғаныс саласына деген қызығушылықты арттырып, жастарды отанды сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибелік тұрғыда бекіту болды.
Әскери талаптарға барынша сәйкестендірілген жиын барысында:
• ұл балалар әскери топография, тактикалық және атыс даярлығы, саптық машықтар бойынша тәжірибелік сабақтарға қатысты;
• қыз балалар алғашқы медициналық жәрдем көрсету дағдыларын меңгеріп, өмірлік маңызы зор білімдер алды.

Comments are closed