Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай мазмұнды көрме ұйымдастырылды.
Көрме барысында Ата Заңның қабылдану тарихы, тәуелсіз Қазақстанның құқықтық даму кезеңдері, демократиялық құндылықтарды орнықтырудағы рөлі және қоғамдағы маңызы кеңінен таныстырылды.
Бұл іс-шара жас ұрпаққа еліміздің негізгі заңының мәнін терең ұғындырып, құқықтық мәдениетті арттыруға, сондай-ақ Конституцияның мемлекетіміздің тұрақтылығы мен бірлігінің басты кепілі екенін айқындай түсті.

Comments are closed