Бүгін колледжіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Балашбеков Руслан мен Студенттік парламент ұйымының ұйымдастыруымен “Ауған асуында от кешкендер” атты ауған ардагерлерімен кездесу өтті.
Ауған соғысы – тарихта өшпес із қалдырған ауыр кезең. Сол сұрапыл жылдарда талай қазақ жігіті ел намысын арқалап, бейбітшілік үшін жанын қиды. Олар нағыз батырлық пен ерліктің үлгісін көрсетті. Ауған соғысы ардагерлері – тек бір кезеңнің қаһармандары емес, бүкіл халықтың мақтанышы. Олар үшін Отан қорғау – қасиетті парыз, ал ерлік – өмір мәні болды. Бүгінде біз сол батырларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтаймыз. Олардың жүріп өткен жолы – келер ұрпаққа үлгі, патриотизмнің айқын көрінісі.
🇰🇿 Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым! Құрмет пен алғысымыз шексіз!

Comments are closed