2025-2026 оқу жылының 23 қазан күні «Жалпы білім беру пәндері және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия айлығы аясында “Жасанды интеллект және Қазақстан” тақырыбы бойынша жоспарланған іс-шаралар барысында, арнайы пәндер оқытушысы Камалова Ақбота КДН-0923 тобына «Белдемше тігу технологиясы және декорациясы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты – белдемше тігудің технологиялық ретімен таныстыру, сәндік безендіру элементтерін қолдану тәсілдерін қарастыру, студенттердің техникалық ойлау, өлшеммен жұмыс істеу, сызу және жобалау дағдыларын дамыту. Сонымен қатар, әртүрлі белдемше түрлерінің лекалосын дайындау әдіс-тәсілдерін меңгерту көзделді.
Сабақ барысында студенттер белдемшенің өңдеу технологиясын тәжірибелік негізде орындап, сәндік декорация элементтерін қолдану арқылы шығармашылық жұмыс жүргізді.

Comments are closed