Білім күні қарсаңында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Білім күні – бейбітшілік күні!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Іс-шараның мақсаты жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын насихаттау. Жиынның алғашқы құттықтау сөзін колледж директоры Кенжалиев Алтынбек Тұрлыбиұлы айтып, жаңа оқу жылымен құттықтап, жетістіктерге жетуге тілек білдірді.
Іс-шара барысында колледждің мақтаныштарын атап, жетістіктері айтылып, тамаша әндер шырқалды.
Студенттерге қызықты да қиындығы мол студенттік шақтарына сәттіліктер тілейміз!

Comments are closed