2025 жылғы 19 желтоқсан күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Бірлігі жоқ ел тозады» тақырыбында топтық тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге ұлт бірлігінің маңызын түсіндіру, қоғамдағы ынтымақтастық пен татулық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуіндегі бірліктің шешуші рөлін ұғындыру болды.
Тәрбие сағаттары барысында топ жетекшілері білім алушылармен ашық сұхбат жүргізіп, бірлік пен ынтымақтың қоғамдағы орны, тарихымыздағы тұтастықтың мәні және қазіргі кезеңдегі ұлттық келісімнің қажеттілігі туралы мазмұнды ақпараттар ұсынды.
Студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, бірлік пен достық тақырыбында көзқарастарын ортаға салды. Аталған іс-шара жастардың патриоттық рухын нығайтып, ел болашағына деген азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

#

Comments are closed