📅 15 сәуір күні «Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік комиссиясының «Білімде жаңа тәсілдер, болашақта жаңа жетістіктер» айлығы аясында ЭЕА-1123 тобына арнайы пән оқытушысы А.Байдуллақызы «Бизнес-жоспар құруға қатысу» пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – студенттерге бизнес-жоспардың маңызын түсіндіріп, құрылымымен таныстыру және өз жобаларын жасауға үйрету.
🔹 Сабақ барысында белсенді оқыту әдістері қолданылып, студенттер нақты кәсіптік жобалар жасап, SWOT-талдау, SMART-міндеттер мен қаржылық есептер арқылы бизнес-жоспарларын сәтті қорғады.
💡 Ашық сабақ студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырып, командада жұмыс істеу және презентация жасау дағдыларын дамытуға үлкен үлес қосты.

#

Comments are closed