Оқу орнымызда педагог-психолог А.Тураева және әлеуметтік педагог Б.Тұрсынханның ұйымдастыруымен «Болашаққа дұрыс қадам!» тақырыбында қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша жиналыс өтті.
Жиын барысында жасөспірімдердің физикалық әрі психологиялық денсаулығын сақтау, ерте жүктіліктің алдын алу, жеке шекараны дұрыс қалыптастыру, ақпаратты саналы түрде қабылдау сияқты маңызды бағыттар жан-жақты түсіндірілді.
Өткізілген шара қыздардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына, саналы шешім қабылдауына және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруына оң ықпал етеді.

#

Comments are closed