«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының бітіруші түлектері қорытынды аттестаттау емтиханын алғаш рет демонстрациялық емтихан форматында тапсырды.
Емтихан барысында студенттердің «Білім алушылардың жеке және кәсіби әлеуетін ашу үшін жағдай жасау», «Дене шынықтыру – спорт ұйымдарында жұмыстарды ұйымдастыру», «Оқыту сапасына мониторинг жүргізу тәжірибесі» атты кәсіптік модульдер бойынша теориялық және практикалық білімдері жан-жақты бағаланды.
Білім алушылар оқу сабағының жоспарын әзірлеп, оны практика жүзінде жүргізіп, сабақ өткізу әдістемесін, ұйымдастырушылық қабілеттерін және қатысушылармен тиімді жұмыс жүргізу дағдыларын көрсетті.
Сонымен қатар, емтихан тапсырмалары аясында алғашқы көмек көрсету, жарақаттарды таңу, тұлға қаңқасындағы сүйектерді анатомиялық тұрғыдан анықтау, спорттық жаттығулар кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау сынды маңызды практикалық міндеттер орындалды.
Аталған емтихан форматы студенттердің кәсіби құзыреттілігі мен шынайы жағдайларда жұмыс істеуге дайындығын нақтылауға мүмкіндік берді.

Comments are closed