«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде студенттерге арналған дәстүрлі College New Year Bash 2026 жаңа жылдық кеші жоғары деңгейде өтті. 🎉
Іс-шара барысында колледждің талантты студенттері өз өнерлерін ортаға салып, non-stop шоу бағдарламасы, қызықты интерактивті ойындар, сондай-ақ бағалы сыйлықтар ұйымдастырылды. Кеш соңында заманауи хиттермен өткен epic disco мерекелік көңіл-күйді одан әрі қыздыра түсті.
Жаңа жылдық кеш барлық курстардың студенттерін бір алаңға жинап, достық пен бірліктің, көтеріңкі көңіл күйдің жарқын үлгісіне айналды. 🎁✨
💫 Бір колледж — бір отбасы — бір мереке!
Жаңа 2026 жыл әрбір студентке жаңа мүмкіндіктер, жарқын жеңістер мен биік белестер әкелсін! Білім жолында табандылық, өмірде сәттілік серік болсын. Әр күніңіз қуанышқа, әр қадамыңыз жетістікке толы болғай!

Comments are closed