2023 жылдың 19 мамыр күні “Ахмет Ясауи Колледжі” студенттері Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежановпен бекітілген жоспарға сәйкес, РАТТ тобының мүшелері Қызылорда облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Б.Оспанов және Түркістан облысы дін істері басқармасының “Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ директоры М.Халықовпен “Дәстүрлі құндылықтардың маңыздылығы” тақырыбында семинар өткізді.

Мақсаты: Дәстүрлі рухани құндылықтарды жаңғырту, жалпы жұртшылықтың, әсіресе жастардың теріс пиғылды ағымдардан берік қорғалған, психологиялық өңдеуге берілмейтін, қорғаныс қабілеті мен қарсы тұру иммунитеті мықты болып қалыптасуына ықпал ету, сонымен қатар, бұл тек діни саланы реттеу қажеттілігіне ғана емес, жалпы қоғам өміріне бағдар болатын көнермейтін, мәңгілік адамгершілік-өнегелік құндылықтарды қайта сараптап, жұртшылыққа ұсыну, қолданысқа енгізу қажеттілігіне де қызмет ету екендігін баяндады. Семинар студенттердің еркін сұрақтары арқылы ашық форматта өткізілді.

#

Comments are closed