2026 жылдың 14–16 қаңтар күндері «Киім дизайны» мамандығы бойынша демонстрациялық емтихан ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Емтихан барысында білім алушылар «Костюм және өнер тарихы» пәні бойынша шығармашылық эскиздер әзірлеп, сондай-ақ «Бұйымдарды торап бойынша дайындау технологиясы» модулі аясында практикалық тапсырмаларды орындады. Тапсырмалар студенттердің кәсіби құзыреттілігін, теориялық білімін практикамен ұштастыра алу қабілетін анықтауға бағытталды.
Демонстрациялық емтихан кезінде студенттер өздерінің шығармашылық ойлау жүйесін, эстетикалық талғамын, кәсіби шеберлігін және еңбек дағдыларын толық көрсете білді. Аталған емтихан болашақ дизайнер мамандарды даярлау сапасын арттыруға, олардың еңбек нарығына дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін маңызды кезең болып табылады.
Болашақ сән және киім дизайнерлеріне шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер мен толағай жеңістер тілейміз!

Comments are closed