Түркістан облысының білім басқармасы ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №1134 қаулысымен бекітілген Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының II тарауы — Кәсіптік бағдар беру жұмысын дамытудың 10-қадамының 17-тармағы және 7-қадамын іске асыру мақсатында қазан айының 16-сы күні кәсіпорындарда «Дублер күні» жобасы ұйымдастырылды. Іс-шараға «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің «Есеп және аудит» мамандығының студенттері мен оқытушылары барып қайтты.
🔹 Мақсаты:
• Жастарды нақты еңбек қызметімен таныстыру;
• Басқару, ұйымдастыру және шешім қабылдау дағдыларын дамыту;
• Болашақ мамандықты таңдауға бағыт беру;
• Ұжымда ынтымақтастық пен шығармашылық атмосфераны қалыптастыру.
Бұл күн жас мамандарға тәжірибе алмасуға, өз қабілеттерін сынауға және болашақ кәсібінің маңызын сезінуге мүмкіндік берді. 💼✨

Comments are closed