«2 қазан – Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні кәсіби мерекесін атап өту» тұжырымдамасы негізінде «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді.
Осы жоспар аясында бүгін колледж қызметкерлеріне арналған «Елдік челлендж» құттықтау бейнеролигі жолданды. 2 қазан мереке қарсаңында барлық құттықтау жазбалар мен бейнелер «Алғыс лентасына» біріктірілмек.
🔹 Жоспарланған іс-шаралардың негізгі мақсаты:
• ТжКББ жүйесінің бірыңғай миссиясы мен құндылықтар кеңістігін қалыптастыру;
• педагогтер мен студенттерді жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, қоғамды дамыту мақсатында бір идея төңірегінде біріктіру.
Бұл бастама – ТжКББ саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге, олардың еңбегін бағалауға және алғыс айту мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған игі қадам.

Comments are closed