Оқу ордамызда колледждің әлеуметтік педагогы Б.Тұрсынхан және педагог-психолог А.Тураеваның ұйымдастыруымен студенттерге арналған танымдық тренинг өткізілді.
🎯 Тренинг аясында:
– «Эмоциялар бізге қарсы емес – біз үшін»
– «Ашу мен күйзелісті қалай қауіпсіз басқаруға болады?»
– «Менің эмоциям – менің күшім» тақырыптары талқыланып, студенттер топтық жұмыстарға белсене қатысты.
🎨 Арт-терапия әдістері арқылы қатысушылар ішкі сезімдерін еркін білдіріп, өз болашақтарына байланысты арман-мақсаттарын елестетуге мүмкіндік алды.
🔹 Мұндай іс-шаралар жастардың психологиялық тұрақтылығын арттырып, өзін-өзі тануға жол ашады.

Comments are closed