Қараша айының 18-і күні «Агроөндірістік» пәндік-циклдік комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Ауыл шаруашылығын цифрландыру – уақыт күттірмейтін іс» атты айлық іс-шарасы аясында М.Алтаева, А.Кәрімова «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы нда оқитын топтар арасында «Ең үздік кондитер» тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің кәсіби дайындық деңгейін, олардың кондитер өнімдерімен жұмыс істеуге дайындығын анықтау. Конкурстық тапсырмаларды орындау процесінде теориялық білімді тереңдету және кәсіби дағдыларды практикалық қолдану үшін жағдай жасау. Студенттердің теориялық және практикалық білімдерін жалпылау және тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету, мамандыққа деген қызығушылықты қалыптастыру, командада жұмыс істей білу, тапсырылған іс үшін жауапкершілік алуға тәрбиелеу.

#

Comments are closed