Экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға және өңірді абаттандыруға бағытталған «Еңбек аллеясы» жобасы колледжімізде жүзеге асуда. Бұл бастама – жас ұрпаққа табиғатты аялауды насихаттап қана қоймай, келер буынға даналықты жеткізуді мақсат етеді.
Жоба аясында колледж аумағында «Жасыл желек» акциясы ұйымдастырылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар, колледжде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зейнетке шыққан ұстаздар мен қызметкерлер шақырылып, олардың еңбек жолы мен өмірлік тәжірибесі жайлы әңгімелер өрбіді.
Бұл іс-шара – табиғатты қорғау мен еңбек адамына құрмет көрсету құндылықтарын ұштастырып, жастардың бойына экологиялық сана мен тағылымды тәрбие дарытты.



Comments are closed