Бүгін оқу ордамызда «Құқықтану» мамандығының студенттері арасында 27 қыркүйек Қазақстан Республикасындағы Еңбек күніне арналған «Дебат» турнирі өткізілді.
Дебат «Еңбек құқық па, әлде міндет па?» тақырыбында ұйымдастырылды. Дебат турнирінің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы еңбектің маңыздылығы туралы білімді арттыру, әрбір азаматтың еңбек құқықтарын талқылау, білім беру жүйесінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жандандыру.
Іс-шара соңында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев сөз алып, «Осындай пікірталастар студенттер үшін пайдалы. Себебі, бұл форматтағы кездесуде жастардың қарым-қабілеті айқындалады» – деп пікірін білдірді.
#АхметЯсауиКолледжі
#ЕңбекКүні

#

Comments are closed