2025 жылдың 5 желтоқсан күні *Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінде* «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында *«Халық пен тіл – тамыры терең қос емен»* тақырыбында кураторлық сағаттар ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – студенттерге *ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру*, *ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу*, тіл мен халық арасындағы ажырамас байланысты түсіндіру.

Кураторлық сағат барысында студенттер:
– Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңыздылығы туралы ой бөлісті;
– Ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы тілдің рөліне тоқталды;
– Қазақ тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыратын танымдық мәліметтермен танысты.

Сондай-ақ, іс-шарада тіл туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ақын-жазушылардың тілге арналған шығармаларынан үзінділер келтіріліп, ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімі терең насихатталды.

Бұл іс-шара студенттердің *патриоттық санасын қалыптастыруға*, *мәдени-рухани танымын арттыруға* бағытталды.

#

Comments are closed