«Филологиялық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Тіл – ұлт сабақтастығының діңгегі» атты апталық іс-шара аясында 19 қараша күні ағылшын тілі пәні оқытушысы Ысқақ Әсел ЕТБ-0925-2 тобында «History of Apple» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – білім алушыларды Apple компаниясының қалыптасу тарихымен және оның әлемге танымал өнімдерімен таныстыру, сондай-ақ ағылшын тіліндегі кәсіби сөздік қорын дамыту.
Ашық сабақ барысында студенттер белсенді қатысып, компания тарихына қатысты қызықты деректермен танысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Comments are closed