«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінде 03.02.2025-28.02.2025 ж. аралығында өтіп жатқан «Цифрлық мүмкіндіктер: ғылым мен дизайн тоғысында» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушысы Халилаева Ақерке ЕТБ-1124-1 тобына «HTML тілінің мультимедиялық мүмкіндіктерін қолдану тәсілдері» тақырыбындағы ашық сабақ өтті.
Мақсаты: Студенттерді HTML тілінің мультимедиялық мүмкіндіктерімен таныстыру, медиа контентті енгізуге арналған тегтерді үйрету.
Оқытушы студенттерге Web–беттерді жасауды, дыбысты веб-бетте орналастыруды және қажет атрибутты қолдануды, стильдер кестелерінің тілін қолдану әдістерімен мүмкіндіктермен жұмыс жасауды үйретті. Нәтижесінде студент медиа контентті енгізе отырып, мультимедиалық объектілерді енгізу мүмкіндіктері мен кемшіліктеріне талдау жасай алды.

Comments are closed