2025 жылғы 30 сәуір күні колледж қабырғасында “Инновация мен кәсіпкерлік: Жаңа идеялар – жаңа мүмкіндіктер” тақырыбында колледжішілік ғылыми конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіру, креативті ойлау қабілетін дамыту және кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттыру.
🔹 Шара барысында студенттер өздерінің тың идеяларымен, ғылыми жобаларымен және стартаптық бастамаларымен бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасты.
🔹 Инновациялық ой-пікірлер мен практикалық ұсыныстар сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.
🔹 Конференция қатысушылары сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
📌 Мұндай іс-шаралар – болашақ жас ғалымдар мен кәсіпкерлерді қалыптастырудың маңызды алаңы екенін тағы бір дәлелдеді!

Comments are closed