2025 жылдың қараша айының 28-і күні «Бағдарламалау және информатика» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен «IT-Start: Идеядан – инновацияға» атты айлық іс-шара жоспары аясында дәстүрлі **«Күз аруы – 2025»** байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – арулардың сұлулығын, таланты мен шығармашылығын таныту, олардың өз-өзіне деген сенімін арттыру, эстетикалық мәдениетін дамыту, сондай-ақ жастарды белсенділікке, өнер мен шығармашылыққа ынталандыру болды.
Сайыс барысында қатысушы қыздар өзінің таланты мен өнерін, білімін және ерекше стильдік образдарын көпшілікке паш етті. Сонымен қатар, шара аясында IT саласының қазіргі даму тенденциялары мен мүмкіндіктері туралы да түсінік қалыптасты.
Байқау қорытындысы бойынша **ДТС-0925-2 тобының студенті Жарқынбекқызы Талшын** бас жүлдені жеңіп алды.
Қалған барлық қатысушылар да өз еңбегі мен дайындығына сай жүлделі сыйлықтар мен марапаттарға ие болды.
Жалпы, бұл байқау «Бағдарламалау және информатика» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «IT-Start: Идеядан – инновацияға» атты айлық іс-шараның жабылу салтанаты ретінде жоғары деңгейде аяқталды.

Comments are closed