Қараша айының 4-і күні «Бағдарламалау және информатика» пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Күзгі молшылық» атты күзгі жәрмеңке өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді еңбексүйгіштікке баулу, табиғи өнімдердің құндылығын дәріптеу, студенттердің ұйымшылдық және кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту болды.
Жәрмеңке барысында студенттер өз қолдарымен дайындаған тағам түрлерін, табиғи өнімдер мен күзгі өнімдерді ұсынды.
Іс-шара студенттерге ұжымдық жұмыс, жауапкершілік, ұйымдастырушылық, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруда оң әсерін тигізді. Күзгі жәрмеңке мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Comments are closed