Кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы аясында Түркістан қаласынан Ибраев Иманқұл атындағы Ағарту орта мектебінің оқушылары колледжімізге арнайы келді. Кездесу барысында оқушылар оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, заманауи жабдықталған аудиториялар мен зертханаларды аралады.
Іс-шара барысында білім алушыларға колледжде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, мамандықтар ерекшелігі және болашақтағы кәсіби мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, оқу үдерісімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Аталған кәсіби бағдар беру кездесуі оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына және кәсіби бағыттарын айқындауына оң ықпал етті.

#

Comments are closed