«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің 2026 жылғы ақпан айының 3–27 жұлдызы аралығында өтетін «Жасанды интеллект және гуманитарлық ғылымдар» атты айлық іс-шарасы аясында Құқықтану мамандығы студенттеріне “Кәсіпкерлік заңның құрылымы” тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты – студенттерге кәсіпкерлік құқықтың негізгі ұғымдары мен қағидаттарын түсіндіру, кәсіпкерлік заңнаманың құрылымдық ерекшеліктерін талдау және құқықтық сауаттылықтарын арттыру.
Сабақ барысында білім алушылар кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жүйесімен танысып, заңның бөлімдері мен баптарының өзара байланысын талдады. Сонымен қатар, заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, практикалық тапсырмалар орындап, құқықтық жағдаяттарды шешу жолдарын қарастырды.
Ашық сабақ студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді.

#

Comments are closed