14 наурыз – Көрісу күні қарсаңында оқу ордамызда ерекше мерекелік көңіл күй орнады. Бұл күні колледжіміздің оқытушылары мен студенттері қазақы нақыштағы ұлттық киімдер киіп, ұлттық дәстүрді дәріптеп, мерекелік атмосфера қалыптастырды.
Студенттер мен ұстаздар бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдіріп, мерекемен құттықтады. Ізгі тілектер айтылып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілген бұл күн бәріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Көрісу күні – халқымыздың бірлігін, сыйластығын және бауырмалдығын айқындайтын ерекше дәстүр. Осындай тағылымы мол мерекелер ұлт құндылықтарын жаңғыртып, жастардың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыра түседі.

#

Comments are closed