Оқу ордамызда 2025 жылдың маусым айының 24-і күні «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ерекше форматтағы кәсіби бағыт-бағдар беру шарасы өтті. Іс-шараға қаладағы ірі қоғамдық тамақтандыру орындарының басшылары мен аспазшы мамандығында білім алып жатқан студенттер қатысты. Сонымен қатар, ветеринария мамандығының білім алушылары үшін де мамандықтың қыр-сырын таныстыратын арнайы кездесу ұйымдастырылды.
🔹 Іс-шара барысында студенттер білікті мамандардан құнды ақпараттар алып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие бағыттармен танысты.
🔹 Тәжірибелі сала мамандары өздерінің еңбек жолымен бөлісіп, жастарға кәсіби кеңестер беріп, келешекте қандай дағдылар маңызды екенін атап өтті.
Кездесуге қатысқан мәртебелі қонақтар:
Н.Досжанов – «Khanshayim Otel» ЖШС-ның бас аспазы
А.Буранбаева – Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің оқытушысы
Қ.Абиева – «AzMur u K» ЖШС-ның басшысы
С.Есіркеп – «Түркістан қаласының ветеринарлық қызметі» МКК басшысы
М.Құлджа – ТО ББ «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК-ның нысандарды түгендеу маманы
Р.Абдуллаев – «Сауран аудандық ветеринарлық қызметі» МКК-ның рабиолог маманы
Мұндай тағылымды кездесулер білім алушыларға болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға, өз кәсібіне деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етеді.
Колледжімізде алдағы уақытта да өндірістік сала өкілдерімен осындай пайдалы кездесулер ұйымдастырылып, студенттердің кәсіби дамуына бағыт беру жалғасын табады.

Comments are closed