«Кәсіп – менің тағдырым» бейнежобасы аясында жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен құндылығын айқындайтын бейнеролик түсірілді.
Аталған бейнероликте колледжімізді тәмамдап, алған білімін өмірде іске асырып, кәсіби маман ретінде еңбек етіп жүрген түлектердің табысты жолы бейнеленді.
Бұл жоба – еңбек адамының мәртебесін көтеріп, жастарға адал еңбек пен кәсіби шеберліктің құндылығын ұғындыруды мақсат етеді. Себебі, жұмысшы мамандығы – тек кәсіп қана емес, өмірлік мектеп, тәжірибе мен табандылықтың, еңбек пен адалдықтың шыңдалу жолы.
🌸 «Біз үшін колледж – тек оқу орны емес, өмірлік мектеп. Мұнда алған біліміміз бен тәжірибеміз – бүгінгі жетістігіміздің негізі», – дейді түлектер.
✨ «2 қазан – техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Осы мерекеде барша ұстаздарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында біз кәсіби жолымызды тауып, өмірде өз орнымызды иелендік» деп, жылы лебіздерін білдірді.

#

Comments are closed