2025 жылғы 19 желтоқсан күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде қазақ және орыс тілі пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен «Келісім мен ынтымақ – жетістіктің кепілі» тақырыбында эссе жазу жұмысы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің маңызын ұғындыру, тілдік сауаттылықты арттыру, ойды жүйелі әрі сауатты жеткізу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті дамыту болды.
Эссе жазу барысында білім алушылар ел ішіндегі татулық пен ұлтаралық келісімнің қоғам дамуындағы рөлі туралы өз ойларын еркін әрі шығармашылық тұрғыда жеткізді. Қазақ және орыс тілдерінде жазылған жұмыстарда бірлік, ынтымақ, достық пен бейбіт өмір құндылықтары кеңінен қамтылды.

Comments are closed