17 қараша күні колледжімізде «Кибер жастар» зияткерлік сайысы өтті. Аталған шараға информатика пәнінің оқытушылары Исакова Диара мен Сүйеубай Гүлсезім жетекшілік етіп, 1-курс студенттерін топқа бөліп, тартысты интеллектуалдық сайыс өткізді.
Шараның басты мақсаты – цифрлық дәуір талабына сай студенттердің білімін тереңдету, логикалық ойлау қабілетін арттыру және технологиялық сауаттылығын дамыту. Сайыс барысында қатысушылар күрделі сұрақтарға жауап беріп, IT бағытындағы тапсырмалар арқылы өз білімдері мен шеберліктерін дәлелдеді.
🔹 Жылдам ойлау
🔹 Креативті шешім қабылдау
🔹 Командалық жұмыс
Осы қасиеттер сайыстың басты құндылықтарына айналып, қатысушылардың белсенділігі мен біліктілігі жоғары деңгейде көрінді.

#

Comments are closed