Бүгін колледж директоры А.Кенжалиев биыл 2024-2025 оқу жылында оқуға қабылданған 1 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында колледж директоры білім ордасында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі студенттер арқылы бағаланатындығын сөз етті. Сондықтан, алдағы уақытта да студенттермен жиі кездесіп, барлық сауалдары мен ұсыныстарын тыңдауға дайын екендігін айтты.
Студенттердің сұрақтарына жауап берген директор колледждің ішкі тәртіп ережелерін, білім беру саласындағы заманауи технологияларды меңгерудегі мүмкіндіктерін атап өтіп, ағымдағы оқу жылында білімге баса назар аудару қажеттілігін түсіндірді.

#

Comments are closed