2025 жылғы 17 қараша күні колледж директоры А. Кенжалиев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Надирбаев және ұлдар төрағасы М. Кенжебаев студенттермен маңызды кездесу өткізді. Жиында қоғамдағы тәрбие мәселелері мен колледждің ішкі тәртіп ережелері жан-жақты талқыланды.
Жиналыс барысында қозғалған негізгі тақырыптар:
– Колледждің ішкі тәртіп ережелерін сақтау
– Құқықбұзушылық пен буллингтің алдын алу
– Салауатты өмір салты мен мәдени тәрбие
– Жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызы
Кездесу барысында директор студенттерді жауапкершілікке, тәртіпке, мамандықты терең игеруге және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға шақырды.

Comments are closed