Бүгін оқу ордамызда ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа және құықбұзушылыққа жол жоқ» атты жиналыс өтілді.
Аталмыш шараға ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Әлжанов Қуандық Жаныбекұлы, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің 2-ші басқарма бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Ильиных Сергей Сергеевич, ҚР ІІМ жанындағы есірткі қылмысына қарсы профилактика саласындағы кеңес мүшесі Аитов Данил Сергеевич, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің әлеуметтік-мәдени даму вице ректоры, есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңес мүшесі Төлегенов Еділ Мейірбекұлы, Түркістан облысы Полиция департаменті қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Марат Бимаханов және колледж студенттері қатысты.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, құқықбұзушылықтарды болдырмау, салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зияны туралы айтылған бұл пайдалы жиында жастар өздерінің құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болатындығына көз жеткізе білді. Жастардың есірткі тұтынуға теріс көзқарасын қалыптастыру, спортқа баулу және жаман әдеттерден бас тартуға дағдыландыруды мақсат еткен бұл жиынның жастарға берер тәрбиелік мәні өте жоғары болды.

Comments are closed