Оқу ордамызда «Заң және тәртіп» қағидаты еліміздегі бірлік пен ынтымақтың негізідерінің бірі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облыстық Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұрлан Ербекешов, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы,Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі Бақытжан Бейсембаев директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев, жастар ұйымының жетекшісі Т.Батырбек және студенттердің қатысып, еркін тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Кездесудің мақсаты – бірлік пен келісімді нығайта отырып, тұрғындар, жастар, этностар арасында достық пен татулықты, бірегейлікті сақтау, дамыту. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген дана сөз бар. Расында да, заң мен тәртіпке сүйенген ел ғана әділетті қоғам құрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғай алады. Біз колледж қабырғасында жүріп-ақ құқықтық білімімізді арттырып, өзімізге және өзгелерге жауапкершілікпен қарауға дағдылануымыз қажет. Жиын барысында аға буын өкілдері елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығын ең басты назарда ұстау қажеттілігі, ең басты тәрбие отбасы тәрбиесі төңірегінде әңгіме қозғап, патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулыды. Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

#

Comments are closed