«Жалпы білім беру пәндері және дизайн» пәндер бірлестігінің «Жасанды интеллект және жаңа Қазақстан» айлық іс-шарасы аясында колледж студенттері үшін «Көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлер» тақырыбында сабақтан тыс танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында студенттер тарихи нысандармен танысып, маңызды мекендерге саяхат жасап, өткен дәуірлерден сыр шертетін жәдігерлермен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.
Тарих — халықтың жүріп өткен жолы. Қолөнер туындылары, тас мүсіндер, сақтардан жеткен алтын бұйымдар, көне қыш ыдыстар – біздің ата-бабаларымыздың мәдениеті, дүниетанымы мен өркениет деңгейінің айқын айғағы.
Түркістан өңіріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – XIV ғасырдың сәулет өнерінің теңдессіз мұрасы. Мұндай тарихи орындармен жақын танысу – студенттердің ұлттық құндылықтарды бағалау, зерттеу және құрметтеу деңгейін арттыра түседі.

                    
Comments are closed