2025-2026 оқу жылының 15 қазанында “Жалпы білім беру пәндері және дизайн” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің “Жасанды интеллект және Қазақстан” тақырыбында өтіп жатқан айлық іс-шарасы барысында, 1 курс студенттерінің арасында “Level Up” интеллектуалдық сайысы өтті. Сайыс VI кезеңнен тұрды. Студенттер математика-физика пәндері бойынша логикалық сұрақтар, есте сақтау ойындары, география-тарих пәндері бойынша даталар дуэлі сайыстары арқылы білімдерін сынады. Қатысушылар I,II,III дәрежелі диплом және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Comments are closed