Оқу ордамызда жасөспірімдер арасында лудоманияның алдын алу және олардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған «Медиа қауіпсіздік әлемінде» тақырыбында құқықтық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында топ жетекшілері студенттерге интернетке тәуелділіктің зияны, одан қорғану және күресу жолдары туралы түсіндіріп, медиа мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Басты мақсат – жастардың ақпараттық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз онлайн кеңістік құруға үлес қосу. 💻

#

Comments are closed